Үкімет

2013 жылы Қазақстан Үкіметі 43 заң жобасын әзірледі - ҚР Әділет министрі

2013 жыл бойы ҚР Үкіметі 43 заң жобасын әзірледі, деп Премьер-Министрдің ресми сайты Әділет министрі Берік Имашевке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Астана қаласы24 Желтоксан , 11:03

"Бүгінгі таңда, жыл бойы енгізілген түзетулерді ескергенде Жоспар бойынша 43 заң жобасын әзірлеу қарастырылды", - деді министр ҚР Үкіметі отырысында.

Айта кету керек, көрсетілген 43 заң жобасының ішінде 3 заң жобасына Елбасы қол қойды, 32 заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді, қалған 8 заң жобасы 18 желтоқсанда таныстырылып, ағымдағы жылдың соңына дейін Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады.

"Енгізілген түзетулерді ескергенде Заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары толық көлемде орындалды", - деп атап өтті Б. Имашев. 

Сонымен қатар, ол түсіндіріп өткендей кейбір заң жобаларының орындалу мерзімдері объективті себептер бойынша кейінгі мерзімге қалдырылды. 

"Ағымдағы жылы мемлекеттік органдар жоспардан тыс 17 заң жобасын әзірледі. Ағымдағы жылдың жоспардан тыс 17 заң жобасының 13-і мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетілдірудің заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталды. Қалған 4 заң жобасы Үкімет басшылығының тапсырмаларынан 4 заң жобасы келіп шығады", - деп мәлімдеді Әділет министрлігінің басшысы. 

Сондай-ақ Президенттің «Қазақстан - 2050» стратегиясы» Жолдауында айтылған заңнамалық бастамалар жүзеге асырылды, депутаттық корпус тарапынан 21 заң жобасы бастау алды, бұл өткен жылдардың көрсеткіштерінен 2 есеге артық.  

Министрдің айтуынша, жыл қортындысы бойынша әзірленген заң жобаларының жалпы саны 81-ді құрады, бұл өткен жылдардың көрсеткіштерінен шамамен 70%-ға көп. 

 




Яндекс.Метрика