Экология

Назарбаев Университетінің түлектері олардың құрметтеріне Саябақ ашылды (ФОТО)

Назарбаев Университетінің түлектері оқу орнының басты корпусының алдына тал отырғызды. «Назарбаев Университеті түлектері саябағының» салтанатты ашылуына оқу орнының президенті Шигео Катсу қатысты.
Нұр-Сұлтан 26 Мамыр, 21:06

Шигео Катсу  саябақтың ашылу салтанатында барлық түлектерді құттықтап, бұл оқиға Назарбаев Университетінің атрихында ойып тұрып орын алатынын атап өтті.

«Бірінші кезекте сіздерді аталмыш саябақтың ашылуымен құттықтаймын. Бұл біздің университетіміздің нышанына айналады деген үміттемін. Ертең біз түлектердің үшінші легін ұшырамыз және біз оларды мақтан тұтамыз. Талдарды отырғызу біздің жыл сайынғы дәстүріміз болсын», - деп ағынан жарылды Ш. Катсу.

Сонымен қатар, білім ошағының басшысы бұл олардың жолын жалғастыратын өскелең ұрпақ үшін жақсы сыйлық екенін атап өтті.

2015, 2016 және 2017 жылдардың түлектері кезек-кезек әзірге кішкентай алайда олар үшін аса маңызды талдарды егуге атсалысты. 

Өз кезегінде, PhD алғашқы түлектері өздерінің орнын басушыларға Назарбаев Университетінің логотипі бар сәкі сыйлыққа тартты.

Мадина Тыныбаева – докторантураның алғашқы түлектерінің бірі, бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогикалық шеберлік орталығында жұмыс істейді. Назарбаев Университетінің  PhD-на 2013 жылы түсті.  

«Біз Жоғарғы білім беру мектебі докторлық бағдарламасының алғашқы түлектеріміз. Біз үш жыл бойы білім алып, зерттеу жүргіздік және халықаралық деңгейде докторлық дисертация қорғадық. Назарбаев Университетіне біздің ғылыми жобаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымыз зор. Осы ретте,  біз алғысымыздың белгісі ретінде сәкі сыйлағанды жөн көрдік», - деп ағынан жарылды ол. 

Мадина Тыныбаева атап өткендей, сәкі бакалавр мен магистатура түлектері отырғызған талдар арасында өзіне лайықты орын табатын болады. Жалпы мұндай дәстүр шетелдік оқу орындарында да бар. 

Докторанттар сәкі сыйлау дәстүрге айналып, саябақ демалушылар үшін ыңғайлы орынға айналады деген сенімде.

Осы жылы бакалавриатты тәмәмдап жатқан Марат Тұрсынбекте бұл дәстүрге айналып, жыл сайын қайталанады деген үмітте.

«Мен  электринженер мамандығы бойынша аяқтап жатырмын. Оқы орнына осыдан бес жыл бұрын түстім. 2012  жылдан бастап жаңа тапсырмалармен, мәселелермен бетпе-бет келіп, оларды шешуд3 үйрендік. Осылайша кәсіби тұрғыда өстік. Түлектер ретінде біз оқу орнының бергені көп екенін түсініп, кішкене болса да оған жасаған жақсылығын қайтарсақ дедік. Сондықтанда осында талдар отырғыздық», - деп бөлісті болашақ маман. 

Марат өзінің мамандығы бойынша алған білімін тәжірибе жүзінде пайдаланып, ел игілігі үшін жұмыс істеуге мүдделі.

Тал отырғызу идеясын осы жылы оқу орнын тәмәмдап отырған студенттер ұсынды. Олардың ұсыныстарын барша түлектер қолдады.

Назарбаев Университеті студенттерді қабылдауды  2010 жылдың қыркүйек айынан бастады. Айта кетерлік жайт, оқу орнында ағымдағы жылы 528 адам бакалавриатты, 247 адам магистратураны, тағы 9 адам доктарантураны аяқтайды.   

Толықтырып кететін болсақ, 27 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен III бітіруші стеденттердің салтанаты рәсімі өтеді.

Ақбота Күзекбай

Фото: автор





Яндекс.Метрика