Халықаралық интеграция

ЕО елшілері Қазақстан туралы: серіктестікті жақсартқан маңызды

«Еуропа күнін» өткізу аясында Астанада бірегей іс-шара Ambassadors Café өтті. Оның аясында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері жастармен қарапайым жағдайда кездесті. Шара аясында Қазақстандағы ЕО жобаларының практикалық қорытындылары, ЕО және Орталық Азия қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық серпіні, және ЕО мен Қазақстан арасындағы жасыл экономика, сауда, инвестиция, энергетика, заң ұлықтылығы, мемлекеттік басқару және білім салаларындағы бағдарламалардың тақырыптары талқыланды.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 18:56

Сонымен, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстандағы  Австрияның төтенше және уәкілетті елшісі Герхард Саллер Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ең қызықты жобалар туралы айтып берді.

«Бізде бір қызықты жоба бар, ол осымен 10 жыл қатарынан із кесуші иттерді үйретуге бағытталған. Австрияда осы салаға мамандандырылған бір мектеп бар.  Біздің бірнеше жаттықтырушыларымыз Қазақстанның министрлігімен жұмыс істейді. Сонымен қатар, бізде білім беру саласында да бірқатар жобалар бар. Жыл сайын қазақстандық топтар Австрияға 2-3 аптаға арнайы курстарға барады. Мысалы, «Келіссөз жүргізу», «Еуропалық Істер», «БҰҰ», «Халықаралық құқық». Ал, ЭКСПО-ға біз бір австриялық компанияны ұсынамыз, болашақта бұл жеке жобаға ұласады деген үміттеміз. ЭКСПО-ның өзіне тікелей келетін болсақ, австриялық туристер көптеп келеді деген ойдамыз. Болжам жасау қиын, не дегенмен бірнеше мың австриялық турист келетін шығар», - деді Австрия елшісі.

Ал, Латвия елшісі Юрис Погребнякс  Қазақстанмен білім беру, қауіпсіздік, сауда, сонымен қатар инвестиция саласындағы бірлескен жұмыстар жүргізілетіні жайлы жеткізді.   

«Біріншіден бізде екіжақты жобалар бар, біз айналысатын немесе басқаратын жобалар да бар. Мәселен, ЕО мен Орталық Азия елдері арасында білім беру саласында қарым-қатынасты дамыту бағдарламасы бар. Және де бұл ретте Қазақстан ең жетекші серіктес болып табылады. Бұл пікір алмасу, Қазақстанның білім беру саласы туралы тереңірек білгісі келетіні туралы. ОА мен ЕО білім министрлерінің алғашқы жиналысы осыдан екі жыл бұрын 2015 жылы өтті. Ол сол жылы ЕО-ға төрағалық ететін  Латвия мемлекетінде болды. Екінші алқа отырысы осы жылы Астанада өтеді. Онда ведомство басшылары білім беру саласын бүге шүгесіне дейін талқылайды. Жалпы, біздің қауіпсіздік, сауда, сонымен қатар инвестиция саласындағы бірлескен жұмыстарымыз жетерлік», - деді Ю. Погребнякс.

Сонымен қатар, елші Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінен не күтесіз деген сұраққа «жаңа әсерлерді» деп жауап берді.

«Біз жылуға немесе өнеркәсіпке керек энергияны ғана емес, сонымен қатар адамдарды, адамзаттың араласу энергиясын әкелеміз деген ойдамын. Біз джаз музыканттарымызды, Латвиядағы ең танымал әнші  Интарс Бусулисті әкелеміз. Ол 9 шілдеде ЭКСПО-да өнер көрсететін болады.  Қазақстандық павильонды көргім келеді және біз жаңа әсерлерді күтеміз», - деп ағынан жарылды Ю. Погребнякс.

Бельгия елшісі Мишель Петерманс екі ел бірлесіп жұмыс істейтін салалар туралы қысқа айтып берді және ЭКСПО туралы пікірімен бөлісті.

«Біз көптеген салаларда ынтымақтастық орнатқанбыз. Олар ауруханалар салу, химия, тоқыма фабрикасы.  Ал, ЭКСПО аясында өз басын көптеген кәсіпорындармен танысып, болашақ энергиясы біздің өмірімізді қаншалықты өзгерте алатынымен танысатын боламыз деген ойдамын. Мүмкін ол біздің өмірімізді бүгінгіден де жақсы жаққа өзгертетін шығар»,- деді Бельгия елшісі  М. Петерманс.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ерекше ақпараттық алаң, онда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері жастармен қарапайым жағдайда кездесу өткізеді.

Осы жылы Ambassadors Café қатысу мүмкіндігін қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен жас оқытушылар, бизнес, аналитикалық орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар салаларында жұмыс істейтін жетікті жастар арасынан 50-ден астам адам шақырылды. 

Салтанат Сұрағанова

Фото Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика