Басқару

Әділет министрлігі бюджеттік бағдарламалар мерзімін қысқартуды ұсынды

Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты.
Нұр-Сұлтан27 Мамыр , 10:02

Ведомствоаралық комиссияның отырысында 3 заң жобасының тұжырымдамасын, сондай Кодекстің тұжырымдамасын қарастырылды.Алғашқы сұрақ бойынша Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Даленов баяндамамен шықты.

«Бюджеттікрәсімдер оңтайландыруды және қайта қарауды талап етеді. Көрсетілген мәселелерді шешу үшін бюджет процесін мынадай бағыттар бойынша оңтайландыру ұсынылады:мемлекеттік органдардың дербестігін арттыру және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша бюджеттікрәсімдерді жеңілдету;жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) дербестігін арттыру және нысаналы трансферттер бойынша рәсімдерді жеңілдету;бюджетті атқару рәсімдерін жетілдіру;мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау рәсімдеріноңтайландыру», - деді Р.Дәленов.

Мемлекеттік органдардың көзделген шараларды және шешімдерді қабылдауы жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдаланудың қабылданған немесе көзделген шарттарын бұзу жағдайларында да міндетті болуға тиіс.

Әкімшілік тосқауылдарды азайту және рәсімдерді оңайлату мақсатында қатты пайдалы қазбаларды (ураннан басқа) саласындағы жер қойнауын пайдалануда мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдаланушы сәйкес болуға тиіс қадамдық процестерге назар аудармауға тиіс, алайда жер қойнауын пайдаланушының белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуін көздейтіні осы әдістің мәні болып табылады. Бұл ретте көмірсутегі шикізаты және уран бойынша рәсімдерді оңтайландыру көзделуде.

Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының заңнаманың талаптарына сәйкестігін алты айдың ішінде растау міндеті тиісті мүшелік қоры жоқ псевдокәсіподақтарды тіркеуге мүмкіндік жасайды».

 




Яндекс.Метрика