Мәдениетті жаңғырту

Астанада тұңғыш рет «Сакралды Қазақстан» республикалық форумы өтті

Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен «Қазақстанның Сокралды географиясы» жобасын жүзеге асыру бойынша сарапшылық кеңес пен жұмыс тобының бірлескен отырысы өтті.
Астана қаласы26 Мамыр , 18:12

Министр айтып өткендей, бүгінгі таңда  туристік бағытты дамытуды көздеген  «Қазақстанның  Сокралды географиясы»   тұжырымдамасы әзірленді.

Музей қызметшілері  мен өлкетанушыларды «Сакралды Қазақстан»  картасын қалыптастыру мақсатында біріктіру  «Қазақстан өлкетанушыларының одағы» арқылы бекітілді.

«Әрбір макросакралды нысандардың алдын ала тізімі әзірленді, әрбір өңір бойынша  5-10 нысан анықталды. Бүгінгі таңда  алдын ала тізімге жүз нысан енді, оның ішінде  тарих ескерткіштері мен халықаралық маңыздағы мәдени орындар,  Дүниежүзілік мәден  және табиғи мұра тізіміне енгендер бар», - деді министр.

Министр айтып өткендей, өңірлерде  микросакралды нысандарды қалыптастыру бойынша мәлімет жиналуда.  Қазір олардың  саны  500-ді құрап отыр.

Отырыста сакралды нысандарды іріктеудің талаптары әзірленді – олар табиғи-ландшафдты нысандар, археологиялық және сәулет нысандары, тарихи маңызға ие  сакралды орындар.

Сондай-ақ, форумда «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын жүзеге асыру ұстанымдарының бірі  түсіндіру кешенін қолдану арқылы ауқымды шара өткізу болып табылады. Биыл  жеті бағыт бойынша  ғылыми-зерттеу және дала экспедицияларын өткізу жоспарланып отыр: Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Орталық және Оңтүстік Қазқстан.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика