Парламент

Мәжіліс комитеті Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді.
Батыс Қазақстан26 Мамыр , 20:07

Көшпелі отырыс аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстың Теректі және Бөрлі аудандарында сумен жабдықтау объектілерінің салыну барысымен танысып, Березовка және Бестау кенттерінің тұрғындарын қоныс аударту шеңберінде салынып жатқан объектілерді аралады, білім беру объектілеріне және облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі «Теректі май комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

Депутаттармен кездесу барысында сәулет-құрылыс қызметі және сумен жабдықтау саласындағы бақылау және қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру және Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін сумен жабдықтау жобаларын іске асыру жөніндегі мәселелер талқыланды.

Батыс Қазақстан облысында 443 ауылдық елді мекен бар, олардың 164-і немесе 37 %-ы  орталықтандырылған сумен жабдықталған (орташа республикалық көрсеткіш 52,3 %), 275 ауылдық елді мекен орталықсыздандырылған сумен жабдықталған және 4 ауылдық елді мекен сырттан тасып әкелінетін суды пайдаланып отыр.

 




Яндекс.Метрика