Қазақстан және БҰҮ

ЕАЭО барлық бес мемлекетте экономикалық өсім тіркеді

ЕАЭО 2017 жылы алғаш рет 2014 жылдан бастап бес мемлекет бойынша экономикалық өсім тіркеді. Бұл туралы ЕЭК Коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян хабарлады.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 20:47

Одақ мемлекеттерінің 2017 жылы қаңтар-наурыз айларында сыртқы саудасы сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда 29,6%-ға артты. Өзара сауда көлемі 31,1%-ға өсті.

«ЕАЭО бойынша серіктес мемлекеттерден инвестиция жасайтын компаниялар артуда. Экономиканың шынайы секторы және жүк-жолаушы тасымалының көлемі артуда. Комиссияның 2019 жылға болжамы– тұрақты-қолайлы», – деп атап өтті Т. Саркисян.

2016-2017жылдың өзінде ЕАЭО елдері ішкі нарықтағы 60 кедергіні жою туралы келісімге келді. Электрэнергия, мұнай, газ және көлік салаларында принципиалды маңызды уағдаластықтар жасалды. Ғарыш, ауыл шарушылығы, жаңа технологиялар салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.   

Сонымен қатар дәрілік және медициналық заттардың ортақ нарығы іске қосылды. Кедендік заңнама қайта жасалды, тауар айналымын қадағылау және оны таңбалау жобасы жасақталуда. Халықаралық күнтәртібі  қаралуда. 




Яндекс.Метрика