Мәдениетті жаңғырту

Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның 25 жылдығы мерекеленді

Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның 25 жылдығы мерекеленді.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 17:27

«Қазақстан Тәуелсіздік жылдары  тұрақты, гүлденген, белсенді ішкі саясатын жүргізіп отырған елге айналды деп толық сеніммен айта аламыз», - деді А.Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, 25 жыл ішінде Қазақстан жаһандық бастамаларды алға  тартты, мысалы  мәдениеттердің жақындасу жылы мен мәдениеттерді жақындастырудың  халықаралық онкүндігі. Қазақстан  ЮНЕСКО-Атқарушы кеңесі,  Дүниежүзілік мұра комитеті,  ЮНЕСКО халықаралық гидрологиялық  халықаралық бағдарламасы мен елдің мәдени және  табиғи    жұмыс органдарының белсенді қатысушысы.

«Өткен жылы ИСЕСКО бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Біздің ынтымақтастығымыздың басты оқиғасы  2016 жылдың  26-27 қыркүйегінде Парламент Мәжілісінің қолдауымен ИСЕСКО бастамасымен   Астанада ғылым, технология мен инновация жөнінде    Азиялық парламентаралық  форумның өтуі болды. Форум қорытындысы бойынша «Ғылым, технология мен инновациялар жөнінде  парламентаралық ислам ынтымақтастығын нығайту бойынша Астана декларациясвы қабылданды», - деді министр.

Жалпы отырыста  Ұлттық комиссия  2016 жылғы  жұмысын қорытындылап, 2017 жылдың маңызды жоспарыларын алға  тартты. Сондай-ақ, төрағалығымен   ЮНЕСКО  және  ИСЕСКО  істері жөніндегі  Ұлттық  комиссия жанындағы министрліктер мен  ұлттық комитеттердің  жетекшілері баяндамаларын оқыды.

Шараның салтанатты бөлігі ЮНЕСКО-ның  («Наурыз», «Охота с ловчими птицами», «Традиция изготовления тонкого хлеба: лаваш, қатырма, жұпқа, юфка и «Қазақ күресі») 4 элементі қосылған сертификаттар табыстаумен аяқталды.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика