Жаңа қазақстандық патриотизм

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтағандарға алғыс білдірді

Тәуелсіздік күнін атап өтуге байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, халықаралық ұйымдар жетекшілерінен, қазақстандық және шетелдік мемлекет әрі қоғам қайраткерлерінен, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарынан, сондай-ақ еліміздің жекелеген азаматтарынан хаттар мен жеделхаттар көптеп келіп түсті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы24 Желтоксан , 10:51

«Өз атына келіп түскен барлық құттықтауларды мұқият оқып шыққан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ізгі ниетке толы құттықтаулар мен тілектер үшін шын жүректен алғысын білдірді», - делінген хабарламада.     

 Тәуелсіздік күніне орай құттықтауларды шетелдік және қазақстандық іскер топтар өкілдері жолдады.

Олардың қатарында «РуссНефть» МК ААҚ президенті М.Гуцериев, «Роснано» ААҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры С.Дэвис, «Транснефть» АК ААҚ вице-президенті В.Рушайло, бизнесмендер Б.Паколли мен А.Паколли, «Алматықұрылыс» ҰХК АҚ президенті А.Ермегияев, «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Ж.Жанықұлов, Оңтүстік Қазақстан облысынан «Саутс-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов, Шығыс Қазақстан облысынан «Normal Work» ЖШС директоры А.Бәкімбаев бар. 

«Қазмырыш» ЖШС компаниясына қарасты мыңдаған мүшесі бар ұжымдардың атынан жолдаған өз хатында компанияның басқарма төрағасы Н.Попович Мемлекет басшысының адам капиталы мәселесіне көңіл қоятынына тоқталған.

Мемлекет басшысын барша азаматтар үшін ең басты мерекемен еліміздің ғылыми интеллигенциясы құттықтады.

Олардың арасында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Молекулярлық биология институтының бас директоры Н.Айтхожина, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.Ғазалиев бар.

РҒА академигі В.Садовничий Нұрсұлтан Назарбаевқа М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Еуразиялық университеттер қауымдастығының мыңдаған мүшесі бар ұжымдары атынан құттықтау хат жолдаған.

«Сіздің халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еуразиялық интеграция идеясын ұстану жөніндегі белсенді ұстанымыңыздың арқасында Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру, еуразиялық білім беру кеңістігін нығайту және дамыту жөніндегі прогрессивті іс-әрекеттеріңіз жүреге асуда», – делінген құттықтау хатта. Мұндай мазмұндағы құттықтаулар осы университеттің Қазақстандағы филиалының профессор-оқытушылар құрамынан да келді.

Өз кезегінде директоры Б.Сұлтанов бастаған Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерлері Тәуелсіздік мерекесі Мемлекет басшысының есімімен тығыз байланысты екенін атап өткен.

Сондай-ақ, өздерінің шын жүректен шыққан құттықтауларын жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Досанов, Алматыдан, ақын М.Айтхожина, Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Ә.Құсайынов, Қазақстанның татар және башқұрт қауымдастығы президенті Г.Хайруллин, Ардагерлердің республикалық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев жолдады.

Ауғанстан соғысының мүгедектері республикалық кеңесінің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Н.Кремениш ұлттық мерекеге байланысты ізгі ниетті құттықтау жолдап, Тәуелсіздікті еліміздің өз тағдырын өзі анықтауға мүмкіндік беретін іргелі құндылық деп атаған.

«Бұл мереке шын мәнінде, бостандық пен біздің мемлекетіміздің күш-қуатының символы болып саналады. Қазақстанның ұлы тарихындағы Тәуелсіздікті халқымыз жаңа жетістіктерімен және табысты жаңаруларымен тамаша жалғастырды», – делінген хатта.

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний өздерінің құттықтауларында еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне қатысты ізгі тілектерін білдірген. 

Велоспорттан Олимпиада чемпионы А.Винокуров Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді жаңа жеңістер мен биіктерге сенімді бастап келе жатқанын, соның арқасында оның имиджі мен күмәнсіз беделі бүкіл әлем алдында нығая түскенін атап өткен.

Ал Мемлекет басшысына деген игі тілектерін Астана тұрғындары Г.Шишов, Б.Омаров, Е.Мақтаев, Маңғыстау облысынан Т.Тұрова өлеңмен жолдаған.

Құттықтау хаттары мен ізі ниетті тілектерін жолдаған азаматтар қатарында Астанадан Ә.Қарбайұлы, Алматы облысынан О.Бәрібеков, Алмалыбақ ауылындағы дарынды балаларға арналған мектептің 4 сынып оқушысы Е.Ғаниұлы, Жетіген ауылындағы №11 мектептің 2 сынып оқушысы Е.Тілеубекқызы, Ақмола облысынан Б.Ормантаев, Шымкент қаласынан О.Көмекбаев, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан Е.Оразалин, Қызылорда облысынан С.Шымырқұлов, сондай-ақ А.Тұрғанбеков бар.

Сонымен бірге министрліктер мен ведомстволар жетекшілерінен, облыстар әкімдерінен, Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттарынан, елшілерден, Қазақстан Республикасы ұлттық компаниялары мен мемлекеттік мекемелер басшыларынан келіп түсті.      

 

 




Яндекс.Метрика