АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Жамбыл облысында өнімді бау-бақша алаңдары ұлғайтылады

Жамбыл облысында 2020 жылға дейін 500 гектар өнімді бау-бақшаға беріледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл26 Мамыр , 18:29

Жамбыл  облысындағы шаруа қожалықтары  өнімді бау-бақшаны қалыптастырумен  2015 жылдан бастап айналысады. Жамбыл ауданында  жеміс-жидек өсіретін тағы бір бақша пайда болды.  «Әулие-ата Алма»  ауыл шаруашығы кооперативі  2016 жылы мемлекеттік қолдаумен ашылған болатын.  Биылғы жылдың ақпанында іске қосылды.  Өнімді бау-бақшаның  ауқымы 60 га құрады, оның 50 га ауыл тұрғындарының басқаруына берілді.

Бау-бақшаның құрылысымен  серб компаниясы айналысты, ол қазіргі заманғы технологияны қолданады. Оның ішінде  10 отбасы – лизинг алып, кооперативтерге бірікті.

Қазіргі таңда Golden delicious, Idared, Granny Smith сербтік ағаш тұқымдары отырғызылды. Кооператив суарумен, тыңайтқыш енгізумен айналысады. 




Яндекс.Метрика