Инновациялар

Қарағандылық құлтемір АММ-2017 көрмесі қонақтарының қызығушылығын тудырды (ВИДЕО)

Эксклюзив
«Astana Mining & Metallurgy» - AMM-2017 көрмесінің қонақтары «KAZPROMAVTOMATIKA» компаниясының құлтеміріне үлкен қызығушылық танытты. Бұл қандай құлтемір, не үшін жасалды осы және оның өзгеде тұстары туралы «KAZPROMAVTOMATIKA» компаниясының техникалық директоры Дмитрий Лепехов «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында кеңінен айтып берді.
Астана қаласы 26 Мамыр, 16:31

«KAZPROMAVTOMATIKA» компаниясы мамандарының жоғары инженерлік-технологиялық біліктілігінің және кеңінен дамыған серіктестік желісінің арқасында технологиялвық процестерді автоматтандыру саласында жетекші орынды алып отыр.

«Біздің компания - Mitsubishi Electric Factory Automation  компаниясының Қазақстандағы жалғыз дистрибьюторы. Бұл компания электртехникалық және электронды құралдардың өндірісі саласындағы халықаралық алпауыт болып табылады. Компания жобалау, монтаж, тау-шахталық, металлургиялық энергетикалық, жарылыстан қорғалған электртехникалық құралдарды, көтерме құрылыстарды жөндеуге мемлекеттік лицензияны алды», - деп түсіндірді техникалық директор.

Д. Лепехов «Mitsubishi» құлтемірі туралы айтып берді. Ол AMM-2017 көрмесіне қойылып, форум қонақтарының арасында үлкен қызығушылық тудырды.

«Mitsubishi» өндірістік құлтемір. Бұл стендті Mitsubishi Kazprom avtomatika ҚрМТУ деп аталатын Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің оқу орталығы ұсынды.  Біздің студенттер бұл құралды өздері пайдаланады, оны бағдарламалауды, ішкі құрылысын оқу барысында меңгеріп, технология енгізуге машықтанады. Құлтемір әмбебап, яғни автоматтандырылған және қолмен басқаруға да болады», - деді Д. Лепехов.

Ол атап өткендей, компанияның міндеті өндірісте қол күшін қажет ететін операция түрлерін автоматтандыру болып табылады, яғни олар адамның жұмысын құлтемірдің өзі жасай алатындай етіп оңтайландырылады.  

«Бұл құлтемір минутына 10 метр қашықтықты жүріп өте алады. Құлтемірлердің түрлері өте көп, мысалы мынау қолы бар, бес осьті болып табылады. Бұданда қиын құлтемірлер бар. Бұл олардың атқаратын қызметіне байланысты. Сонымен қатар, бұл құлтемірлерді өндірістің барлық салаларында пайдалануға болады», - деп атап өтті техникалық директор.

Сонымен қатар ол, «KAZPROMAVTOMATIKA» компаниясының пайда табу үшін емес, керісінше қазақстандық құлтемірлерді дамыту және насихаттау үшін құлтемір технологиясы саласында жаңа технологияларды жасақтаумен айналысатынын атап өтті.  

«Бүгінде өз күшімен құлтемір жасайтындар өте аз. Біздің инжинирингтік компания жүз пайыз қазақстандық. Біз өнідірісімізді автоматтандыруды, құлтемір техникасын өндіріске бейімдеу және енгізуді, сонымен қатар одан қандай экономикалық тиімділік болатынын қарастырамыз», - деп түйді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Astana Mining & Metallurgy» ‒ AMM-2017 VIII Халықаралық тау-кен-металлургиялық конгресі мен көрмесі өтіп жатыр.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика