Қалаларға шоғырлану

2017 жылы 50-ден астам вагонды жаңарту жоспарланып отыр

Қостанайға теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялаудың жаңа механизмі аясында сатып алынатын жолаушылар вагондарының бірінші топтамасы келді, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Қостанай 26 Мамыр, 16:53

«Түрксіб Астана» ЖШС-мен «БРК-Лизинг» АҚ-тың лизингтік қаржыландыру тәсілімен 10 ресейлік жаңа жолаушылар вагоны әкелінді.

54 орындық плацкарт вагондар жүйелік қадағалаумен жабдықталған.  Сонымен қатар, диагностика және вагонды басқару жүйесімен (СКДУ), ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сондай-ақ, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған.

Жолаушы вагондарының жұмыс істеу мерзімі 40 жыл. Вагондар № 43/44 Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз құрамында қатынайды.

Сонымен қатар, биыл маусым айының басында осы бағыт бойынша қосымша 16 бірлік жолаушы вагондарын жаңарту күтілуде.

Вагон паркін жаңарту үшін сатып алу аталған саладағы заңнамалық реформа аясында жүзеге асуда. 2016 жылы теміржол жолаушыларын тасымалдауды мемлекеттік субсидиялау механизміне өзгерістер енгізуді қарастыратын Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Нәтижесінде жаңа жолаушылар вагонын сатып алуға инвестиция тарту үшін заңнамалық негіз қалыптасты.

Жалпы алғанда, 2017 жылы инвестициялар тарту аясында қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар облыс аралық бағыттарда қатынайтын 50-ден астам бірлік вагонды жаңарту жоспарланып отыр.

Жолаушылар вагондарын кезеңді жаңарту шаралары алдағы жылдары жалғастырылатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық жолаушы вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа теміржол көлігімен қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.

 





Яндекс.Метрика