Инфрақұрылымның дамуы

ТДҰА бетон өнімдерін жаңа технология бойынша шығару жобасын қолдады

Қазіргі уақытта аталмыш бетон өнімдері Петропавл қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан екі 78-пәтерлік және 75-пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысында қолданылуда.
Солтүстік Қазақстан26 Мамыр , 20:19

GASPARRO s.r.l. компаниясының осы технологиясын алуға 2015 жылы 59,2 млн. теңге көлемінде инновациялық грант бөлінген, осымен бірге грант алушы өз қаражатынан  жобаны іске асыруға 74 млн. теңге жұмсаған.

Жобаның жетекшісі – «Единство» компаниясының инновациялық технологиялар бойынша директорының орынбасары Зульфия Халитованың айтуынша бұл технология арнайы қалыптарда немесе айналмалы үстелдерді қолдана отырып өндірудің классикалық әдісімен салыстырғанда анағұрлым жетілдірілген болып саналады.

«Технология бетон панелдерін түрлі көлемде және әртүрлі сипатта бір уақытта шығаруға мүмкіндік береді, оларды ғимараттардың іші мен сыртында бірдей қолдануға болады. Нәтижесінде біз беті тегіс панелдерге қол жеткіземіз және одан әрі қалыптардың бетін түзеумен байланысты қосымша жұмыстар жаүргізудің қажеті жоқ» – деп атап өтті ол.

Жаңа технология компанияға панелдік үйлерді салу бойынша кәсіпорынның қуаттылығын жылына 40 мың шаршы метр дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кәсіпорынның бетон шығару бойынша өндіріс қуаты жылына 250 мың текше метр құрап отыр.

Компания сондай-ақ бетон қадаларын, фундаменттік блоктар, баспалдақтар, құдық сақиналарын және өзге де өнімдер шығарады.

Жақын арада компания ірі панель элементтерін қолдана отырып 7 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Жоба сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына енген.




Яндекс.Метрика