EXPO-2017

33 мейрамхана «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасының серіктесі атанды

ЭКСПО көрмесі қарсаңында Елорда билігі қонақтар мен делегация құрамдарына ұсынатын қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының тізімін дайындады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 16:03

Олар - 80 мың орынға арналған 273 мейрамхана, 23 мың адамға қызмет көрсететін 460 дәмхана, 3 мың орны бар 27 асхана.

«Жалпы нысандарды есепке алғанда қоғамдық тамақтану орындарында 106 мың орын қарастырылған, - деп хабарлады медиа-ресурс тілшісіне  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рыскүл Қауғабаева.

Сервис ұсыну деңгейін бағалау қорытындысы бойынша 33 мейрамхана, 4 кофейн, 10 гриль-бар, 3 тез тамақтану орны, 1 винотек және тағы бір стейкхаус бағдарлама серіктестері атанды.  

«Сондай-ақ, ол қала билігі «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын да еске салды», - деді ол.

Бағдарламның мақсаты - EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келетін қонақтарға сапалы туристтік қызмет көрсетуді дамыту.

 




Яндекс.Метрика