Қазақстан және БҰҮ

БҰҰДБ Қазақстанда 170-тен астам жобаны жүзеге асырды

БҰҰДБ Қазақстанда 20 жылдың ішінде 170-тен астам жобаны жүзеге асырды, бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Респубикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимас Шимомурмен кездесуі барысында белгілі болды.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 15:37

Тараптар БҰҰДБ-ның Қазақстандағы қызметі мәселелерін, сондай-ақ БҰҰДБ-ның байланысқан гранттар аясындағы ағымдағы жобаларын талқылады.

Тимур Сүлейменов Қазақстанда БҰҰДБ-ның 20 жылғы жұмысында Үкіметпен, қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлермен және басқа да әріптесермен серіктестікте 170-тен астам жобаларды жүзеге асырғанын атап өтті.

БҰҰДБ-мен ынтымақтастық аясында 2009-2014 жж. кезеңде 38 млн.АҚШ долл. сомасындағы байланысқан гранттар тартылған.

Айта кетерлік жайт, БҰҰДБ Қазақстандағы өзінің қызметін 1993 жылы бастады. Қазақстан 2005-2008 жж. БҰҰДБ/БҰҰТХСҚ Атқарушы кеңесінің мүшесі болды. БҰҰДБ қызметі құрамына 36 БҰҰ мүше-мемлекеттерінің өкілдері кіретін Атқарушылы кеңес арқылы реттеледі. БҰҰДБ 177 елде жұмыс істейді.  




Яндекс.Метрика