Су ресурстарына қатысты саясат

2040 жылға қарай Қазақстанда су ресурстарына сұраныс 56%-ға дейін артады – сарапшылардың бағалауы

Сарапшылардың ұзақ мерзімді болжауына сәйкес 2040 жылға қарай су ресурстарына сұраныс Қазақстанда 56% артып, жылына шамаман 25 млрд куб метрді құрайды, деп Премьер-Министрдің ресми сайты ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа сілтеме жасай отырып хабарлады.
Астана қаласы24 Желтоксан , 10:52

«2040 жылға қарай су мен су тұтынуға сұраныс жалпы Қазақстан бойынша 56% артып, қазіргі 16 млрд. куб метрмен салыстырғанда жылына 25 млрд. куб метрді құрайды», - деді Н.Қаппаров.

Ведомство басшысының айтуынша, өсудің аталған болжамы болжанған мерзімде халық санының 20,8 млн адамға дейін артуының негізінде қалыптастырылған. Сондай-ақ, ол атап өткендей, жылына су тұтыну жан басына шаққанда орта есеппен алғанда 1,9 % динамикамен өсіп отырады. 

Өнеркәсіптік секторға келетін болсақ, Н.Қаппаровтың мәліметінше, мұнда су тұтыну көлемдерінің өсуі 2040 жылға қарай шамамен 35%-ды құрайды, бұл өнеркәсіптік өндірістің жылына 4% көлемде артуына сәйкес. Су тұтынудың ең жоғары өсуі мұнай мен газ шығару және өңдеу, тау-кен өнеркәсібінде және электр энергиясын өндіру саласында байқалады. 

Бұдан өзге, қоршаған ортаны қорғау ведомствосы мәлімдегендей ауыл аруашылығында тұрақты суару ауданын 2040 жылға қарай 2,1 млн га дейін кеңейту күтілуде, бұл сәйкесінше су тұтынудың жылына 1,6%-ға өсуіне алып келеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика