Қалаларға шоғырлану

ОҚО-да 206,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 196 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлім етті.
Южно-Казахстанская область26 Мамыр , 17:18

Оның айтуынша, аталған құрылыс жұмыстардың 123-ін осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланса, 73 нысан 2018 жылға өтеді, ал осының ішінде бүгінгі күнге 7 нысан құрылысы пайдалануға берілген.

Құрылыс саласында атқарылған жұмыстарды баяндаған басқарма басшысы салынған құрылыстардың барлығы да халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс  аумағында құрылыс жұмыстары көлемінің индикаторы  24,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109,3%-ға орындалды. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында биыл облысымызда 550,6 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға тапсыру міндеттелген. Барлық қаржыландыру көздері арқылы осы жылы 700 мың ш.м. болатын 226 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, 117 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтап пайдалануға беру көзделуде», - деді С.Полатов.




Яндекс.Метрика