Қазақстан және БҰҮ

ЕАЭО-да әуе тасымалдарының жалпы нарығын қалыптастыру бойынша «жол картасы» әзірленбек

ЕАЭО-да әуе тасымалдарының жалпы нарығын қалыптастыру бойынша «жол картасын» дайындау аяқталды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).
Әлемде26 Мамыр , 14:32

ЕАЭО елдерінде әуе қатынасы туралы көп жақты келісім жасаудың орындылығы туралы шешім әр түрлі халықаралық интеграциялық бірлестіктердің әуе тасымалдарын реттеу және 2018-2020 жылдары әуе тасымалдарының жалпы нарығын қалыптастыру бойынша «жол картасы» іс-шараларын іске асыру практикасы зерттелгеннен кейін қабылданады.

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамқұл Жүнісов «жол картасының» келісілген нұсқасы 6 маусымда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік министрлеріне ұсынылуы тиіс екенін атап өтті. Ол уақытқа дейін пікірталас туғызатын барлық сұрақтарға жауап тауып, тараптардың келіспеушіліктерін реттеу қажет.

Кездесу барысында мүше мемлекеттерде әуежайлар мен аэронавигация қызметтерін көрсету кезінде кемсітпейтін тарифтік шарттарды, мөлшерлемелер мен алымдарды қолдану мәселелері, сондай-ақ белгіленген пункттер және тасымалдаушыларға белгіленген жиіліктер бойынша шектеулерді алу мүмкіндігі талқыланды. Атап айтқанда, сарапшылар осы іс-шараларды іске асыру мерзімі мен кезектілігі туралы бірыңғай пікірге келе алмады.  

Бұдан бөлек, әуе тасымалдары қызметтерін көрсету нарығында жосықсыз бәсекелестікті ұстап тұратын және әуе тасымалдарының ұлттық нарықтарының жай-күйіне теріс әсер етуге жол бермейтін механизм құрудың орындылығы туралы мәселе талқыланды. 

6 маусымда Сочиде көлік министрлері әуе көлігі мәселелері бойынша «жол картасы» жобасын мақұлдағаннан кейін құжат Одақ органдарының қарауына енгізіледі. 




Яндекс.Метрика