Экономика

СҚО-да инвесторларға арналған бірыңғай портал ашылады

Өңiрде бизнеспен тура диалогты қамтамасыз ету үшiн инвесторларға «investinsko» бiрыңғай порталы әзiрленген, деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Солтүстік Қазақстан26 Мамыр , 13:31

«Өңiрде бизнеспен тура диалогты қамтамасыз ету үшiн инвесторларға «investinsko» бiрыңғай порталы әзiрленген, оған бос қуаттылықтар мен коммуникацияларға қосылудың ықтимал нүктелерi туралы толық ақпараттар орналастырылатын болады. Портал аясында менiң блогым ашылады, сол арқылы кәсiпкерлердiң өтiнiшiн бiлiп, iскерлiк ахуалды жақсарту үшiн жағдайды бақылап отыратын боламын», — дедi өңiр басшысы.

Соңғы бес жылда өнiм шығару 269 млрд. теңгеден 385 млрд. теңгеге дейiн өстi. Алайда шағын және орта бизнестiң өңiрлiк жалпы өнiмдегi үлесi 25 пайыздан 24 пайызға дейiн азайды.

«Оған 2015 жылғы рубльдiң құнсыздануы әсер еттi. Соңғы бес жылда облыс бюджетiне кәсiпкерлiк субьектiлерден салық түсiмi 29-дан 50 млрд. теңгеге дейiн өстi», — дедi облыс әкiмi.

Кәсiпкерлерге жүргiзiлген сауалнама дерегi бойынша, ауылдық жерлерде жер учаскелерiн алу, қаржы қорларына қол жеткiзу, жылу және электр желiлерiне қосылу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қиындық туғызатындығын көрсеттi. Құжаттарды қарау мерзiмiнiң ұзақтығы мен бюрократизм терiс бағалануда.




Яндекс.Метрика