Экономика

ҰКП Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуді нығайтады

«Атамекен» басты міндеті – бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуды қолдау. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Солтүстік Қазақстан облысына барған сапарында айтты.
Солтүстік Қазақстан26 Мамыр , 12:56

Кездесудi ашқан Тимур Құлыбаев «Атамекеннiң» басты мiндетi — кәсiпкерлiктiң жаппай дамуына қолдау көрсету екенiн атап айтты

«Атамекен» ұлттық палатасы ретiнде 3 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқанымызды сiздер бiлесiздер. Осы үш жыл iшiнде барлық мемлекеттiк органдармен, Үкiметпен, құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасының Парламентiмен толық мәнiнде диалог өткiзiп үлгердiк. Кәсiпкерлердiң өз құқықтарын қорғау мүмкiндiгiн иеленуi, мемлекеттен қолдау алу, аумақта мемлекеттiк органдардан қажеттi рұқсатты алу үшiн өңiрлiк деңгейде диалог жасадық. Сол арқылы тиiмдi жұмыс iстеуге, жұмыс орындарын ашуға, кәсiпкерлiктi дамытуға ұмтылудамыз», — дедi Тимур Құлыбаев.

Өз сөзiнде «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев «Өңiрлiк даму картасына» ерекше назар аударды. Тимур Құлыбаев оны жүзеге асыру кезiнде облыстың әлеуетiн есепке алу керектiгiн атап айтты.

«Қалай көмектесетiндiгiмiздi бiлу үшiн, әр кәсiпорынмен жұмыс iстеуiмiз керек. Егер кәсiпорын жаңғыруға бет алса, техникалық негiздемесiне, инфрақұрылым жасауына көмектесуiмiз керек. 2017 жылы iске қосылатын жобаларды мен Картадан қарадым. Әрине, бiз бұл тiзiмдi кеңейте аламыз. Ең негiзгiсi ол жобалар мұқият әзiрленген болуы тиiс, бұл нысанға инфрақұрылым тартуға болатындығын әкiмдiктер бiлуге тиiс, яғн әкiмдiктер қолдайтын нақты жобалар болуы керек. Сонда бiз өңiрдiң өзiндiк ерекшелiгiн,облыстың кадрлық әлеуетiн ескере келiп, Өңiрлiк даму картасын орталық органдардың, қаржылық құрылымдардың алдында қорғайтын боламыз», — дедi Тимур Құлыбаев.

Солтүстiк Қазақстан облысындағы кәсiпкерлiктi қолдаудың перспективалы бағыттары туралы өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов айтып бердi.




Яндекс.Метрика