Халықаралық интеграция

ҚР елшісі Лихтенштейннің мұрагер ханзадасына сенім грамотасын тапсырды

Вадуце қаласында Қазақстанның Швейцариядағы елшісі Жанар Айтжанова Лихтенштейннің мұрагер ханзадасы Алоиске сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде26 Мамыр , 12:34

Княздіктің сарайында өткен ресми кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан ары дамыту және келісілген-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады. Айта кетер болсақ, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 10 жыл толғаны атап өтілді.  

Сонымен қатар, Ж. Айтжанова Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысы, «Астана» қаржы орталығын құру, Қазақстандағы инвестициялық климатты жетілдіру шаралары мен мемлекетіміздің Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа енгеннен кейін шетелдік компаниялардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді. Мұрагер ханзада «Бір белбеу, біп жол» жобасын жүзеге асыру аясындағы Қазақстанның транзиттік-көліктік мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты.

Дәл сол күні елші Лихтенштейннің сыртқы істер министрі Аурелие Фрикпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы салаларындағы екі елдің ынтымақтастығын тереңдетудің нақты шешімдері мен жолдарын қарастырды.  

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар келісілген-құқықтық базаны кеңейту  мүмкіндіктерін қарастыру  және Лихтенштейн компанияларын қазақстандық нарыққа тарту бойынша келісімге қол жеткізді.  




Яндекс.Метрика