Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Оралда медиативтік қолдау кабинеті ашылды

Оралдық азаматтық актілерді тіркеу бөлімі «ШАТҚАЙЫР» қоғамдық медиацияны дамыту қорымен бірлесіп медиативтік қолдау кабинеті ашылды.
Батыс Қазақстан26 Мамыр , 12:09

«Тұрмыс құру, сәбидің өмірге келуі сынды өзгерістер негативтік  қырларынан да көрініп жатады, ондай жағдайлар адамдар арасында өшпенділік тудырады,  ажырасу – мүлікті бөлу, даулар, балалардың қызығушылығына кедергі келтіру.  Туған-туыс арасындағы  дау, мүлікті бөлуде жақын адамдармен қарым-қатынасты суытып алу  қауіптері кездеседі», - деп хабарлады қалалық әкімдікте.

Кәсіби медиатор   барлық тараптың қызығушылығын ескере отырып, бейбіт шешім таба алады.

Айта кетейік,   медиация кабинетін ашу туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан назарбаев  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтқан болатын.

 




Яндекс.Метрика