Экология

Астанада «Жасыл белдеу» экологиялық акциясы өтеді

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында елордада «Жасыл белдеу» аумағын тазарту жоспарланып отыр, деп хабарланды қалалық әкімдікте.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 11:43

5 маусымда Жастар саясаты басқармасының, «Астана қаласының «Жасыл ел» студенттер және жастар еңбек жасақтары штабы» қоғамдық ұйымдарының, сондай-ақ әскери бөлімшелер өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шаралар кешеніне кіретін қаланы көгалдандыру жөніндегі экологиялық акция өтеді.

Астана қаласының әкімдігі барлығын «Жасыл белдеу» экологиялық акциясына қатысуға шақырады, оның мақсаты астанамыздың «Жасыл белдеу» аумағын тазарту, жастарда экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыру, сондай-ақ табиғатқа ұқыппен қарауды насихаттау болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында Қазақстанның елордасы Астана қаласына экономикасы бәсекеге қабілетті, ел азаматтары мен қонақтары үшін тартымды, қоршаған ортасы қолайлы қала ретінде ерекше мән берілетінін айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – бұл БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының аясында өткізілетін халықаралық табиғатты қорғау акциясы. Жыл сайын, 5 маусымда, озық дүниежүзілік қоғамның назары қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударылып, жер бетінің әр түкпірінде «Жер бетіндегі тіршілік үшін» атты ұранмен экологиялық іс-шара өткізіледі.  




Яндекс.Метрика