Өңірлер

Жамбылдық 26 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударады

Жамбылдық 26 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жамбыл26 Мамыр , 10:54

Жұмыс тобы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, бүгінгі күнге 82 адамнан құралған 20 отбасы Қордай ауданынан  Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Ленин ауылына қоныс аударуда.Бұдан бөлек,  Жамбыл облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға  6 отбасы  ниет білдіріп, аталған отбасылардың  сауалнамалары  өңірлердің электрондық мекен-жайларына  жіберілді.

Айта кетейік, бағдарламаға ниет білдірген тұрғындар   Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанады.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көрсетіледі, яғни көшуге, тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.Сонымен қатар,  Бағдарлама аясында  қоныс аударушылар   балаларын балабақша және мектеп орындарымен, жұмысқа қабілетті жастағы азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз ету қарастырылған.




Яндекс.Метрика