Халықаралық интеграция

Б. Сағынтаев Қазандағы ІТ-парктердің мүмкіндіктерімен танысты

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды. Онда ТМД үкіметтері басшыларының Кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысады, деп хабарлады primeminister.kz.
Әлемде26 Мамыр , 09:34

ТМД үкіметтері басшыларының кеңесінде инновациялар саласындағы ынтымақтастық, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейбіт мақсаттарда атом энергиясын пайдалану, контрафактілік өнімдерді шығару мен таратуға қарсы іс-қимыл, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері қаралады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес жұмысы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттары, ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы шығарып тастау мен шектеулерді жоюға байланысты шаралар жоспары, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі және т. б. мәселелер талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Қазанға келгеннен кейін бірқатар инновациялық нысандарды аралады, олардың қатарында ІТ-парк және Иннополис жоғары технологиялар қаласы бар. Сондай-ақ, Б. Сағынтаев қазандық инноваторлардың жаңа ғылыми әзірлемелерімен танысты.

Бақытжан Сағынтаев ІТ-паркті аралау барысында бизнес-инкубатор жұмысымен және «Глонасс+112» мониторинг орталығының жұмысымен танысты, сонымен қатар оған стартап жобалардың презентациясы ұсынылды. Осыдан кейін ҚР Премьер-Министрі ерекше экономикалық аймақтың және «Иннополис» жоғары технологиялар қаласы университетінің қызметімен танысты.

 




Яндекс.Метрика