ҚР Президентінің Жолдауы

Қазақстан жаһандық бәсекелестіктің жаңа деңгейіне шығуы керек – сарапшы

Астанада белгілі отандық сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен Қазақстандағы Үшінші модернизацияның жүзеге асырылуын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 10:31

 ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында  (ӘЭСИ) қазақстандық сарапшылар қауымдастығының   өкілдері пікір алмасты.

Шараға қатысушылар Қазақстандағы Төртінші өндірістік революцияның келешегін, институционалды өзгерістерді, экономиканың технологиялық модернизациясы, сонымен бірге, кәсіпкерлік пен адами капиталдың дамыту мәселелерін талқылады.

«Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекелестігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құрастыруды тапсырған болатын. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан екі бірдей жаңғыру кезеңінен өтті – бұл еліміздің саяси және экономикалық өркендеуінің негізі қаланған кезең еді. Біз әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кірдік. Жаңғыру  3.0 – бұл Қазақстанның жаһандық бәсекелестіктің жаңа деңгейіне шығу жолы», - деді ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жанындағы ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.

Оның сөзінше, экономиканы жан-жақты цифрландыру мен Төртінші өндірістік революция экономикалық және әлеуметтік дамудағы жылдамдатылған технологиялық модернизацияның негізгі шарты болып табылады.

Айта кетейік, ӘЭСИ пікірталас алаңы Ұлт Көшбасшысының стратегиялық бастамаларын насихаттау аясында жұмыс істеп келеді.




Яндекс.Метрика