Мәдениетті жаңғырту

Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасы аясында мектеп салынады

Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасы аясында жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Ақмола26 Мамыр , 10:13

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин  Қосшы ауылындағы жаңа мектептің алғашқы кірпішін салтанатты түрде қалау рәсіміне қатысты. Білім ошағы жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынатын болады.

«Бұл президенттік «Туған жер» бағдарламасын сөзбен емес іс жүзінде жүзеге асырудың жарқын үлгісі», – деп ағынан жарылды облыс әкімі.

Белгілі болғандай, ШОБ қолдауымен салынатын мектеп болашақта мемлекет меншігіне беріледі.

«Бізнестің әлеуметтік жауапкершілігін жіті түсінген біз өзіміздің туған өңірімізде заманауи 200 орынға есептелген мектепті салып, мемлекеттің меншігіне қайтарымсыз беруді ұйғардық», - деді «Қазына - SR»ЖШК директоры  С. Матайбаева.

Мектеп құрылысын 2018 жылдың мамыр айында тәмәмдау көзделген. Онда ағылшын тілін тереңінен меңгеру үшін 12 сынып қарастырылатын болады. Мұндай үйірмелер мен түрлі секциялар ұйымдастырылады. Жобаның құны 350 млн теңге.




Яндекс.Метрика