Халықаралық интеграция

Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықтың жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін ашуда

Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықтың жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін ашуда. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті және шетелдік әріптестермен екіжақты ынтымықтыстықты дамыту мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 26 Мамыр, 09:12

Кездесуге қатысушылар өздерінің сөз сөйлеулері барысында ҚӨК және ғарыштық саласындағы отандық жобалардың әлеуеті туралы: бронды доңғалақты машиналар, ірі калибрлі пулеметтер және әскери әрі қосарлы мақсаттағы басқа да өнімдер өндірісі туралы айтты.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өзінің сөз сөйлеуінде еліміздің басшылығы өндеу өнеркәсібінің және өндірістік сектордың, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жеделдетілген дамуына басым мән беретінін атап өтті.  

 «Қазақстандық компаниялар шетелдік әріптестермен ынтымақтастың перспективаларын үмітпен бағалайды.  Біз қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы өз іс-қимылдар үшін жаңа дипломатиялық  мүкіндіктер ашудамыз», – деп мәлімдеді Қ. Әбдірахманов.

Бүгінгі күнде Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені біздің елдің экономикасында белгілі бір тауашаны алатын елеулі экспорттық әлеуеті бар, қазақстандық әскери техниканың қазіргі заманғы үлгілері бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне ие.

«Қазіргі уақытта республикада байланыс қызметін, сондай-ақ жер бетінің ғарыштық мониторингінің түсірілімдерін көрсетуге қабілетті  қазіргі заманғы ғарыштық инфрақұрылым, байланыс және жерді қашықтықтан барлаудың спутниктік жүйесі құрылды», - деді  Б. Атамқұлов.

Шет мемлекеттердің дипломаттары өздерінің қазақстандық ҚӨК өнімінің экспортын және Қазақстанның ғарыш кәсіпорындарының қызметін дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласына инвестициялар тарту саласындағы өзара іс-қимылға белсенді түрде қатысуға дайындықтарын білдірді.

Шетелдік елшілер Қазақстанның ҚӨК кәсіпорындарына шақырылды.

Іс-шара аясында елдің ғарыштық қызметі және ҚӨК саласындағы жетістіктері көрсетілген көрме ұйымдастырылды.

 





Яндекс.Метрика