Экономика

Алматы қаласының 2017 жылғы бюджеті 542,4 млрд теңгені құрады

Алматы қаласын дамытуға үнемдеу және салықты артығымен жинау есебінен қосымша қаржы бөлінді.Алматыда VI-ші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясы барысында 2017 жылдың бюджеті нақтыланды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы26 Мамыр , 08:47

Қаланың ЖІӨ-нің 2,6%-ға артуы,  жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс жөніндегі жоспарының асыра орындалуы және 123 млрд. теңгенің үнемделуі арқасында биылғы жылдың бюджеті 48,9 млрд. теңге болып бекітілді. «Алматы-2020» бағдарламасын және қала тұрғындарының әлеуметтік  қажеттіліктерін жүзеге асыруға  бірқатар өзгерістер енгізілді.

Бірінші тоқсанда инвестиция көлемі 13%-ға, тұрғын үй салу 34%-ға, бөлшек сауда 8,6%-ға, өнім өндіру 4,5%-ға, құрылыс салу 1,6%-ға, байланыс 1,3%-ға артты. Өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түскен салық көлемі 4%-ға,жергілікті бюджетке түскені 6% -ға көбейді. Өткен жылы жергілікті бюджеттің кіріс саласы 12,2 млрд.теңгеге, республикалық  бюджетте 102,6 млрд.теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджеттен алу жыл сайын өсіп келеді. Алматы еліміздің ең ірі  мегаполисі екені және кең көлемді инвестицияны қажет ететіні ескеріліп, 2017 жылы  бюджеттік алымдар  азайды.

«Алматы -2020» даму Бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - қаланың барлық аударының бірдей дамуын қамтамасыз ету. Сонымен, 2017 жылы қаланың нақтыланған бюджеті - 542,4 млрд. теңге, оның үстіне  өткен жылмен салыстырғанда даму бюджеті  21 млрд. теңгеге  артып, 163 млрд. теңгені құрады.




Яндекс.Метрика