Энергетика

AMM-2017 (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада «Astana Mining & Metallurgy» ‒ AMM-2017 VIII Халықаралық тау-кен-металлургиялық конгресі мен көрмесі өтіп жатыр. АММ-2017 көрме саласы дәстүрлі түрде ТКМ үздік қондырғылары мен инновациялық технологияларын таныстырды.
Астана қаласы25 Мамыр , 19:57

АММ 2017 көрмесі – тау-кен-металлургиялық  компаниялар үшін инновациялық әзірлемелер мен алдыңғы қатарлы  технологияларды әзірлеу алаңы. 

Көрмені аша отырып, инвестициялар және даму вице-министрі Алик Айдарбаев  аталмыш Конгресті өткізу  Қазақстан үшін дәстүрге айналғандығын атап өтті.

 «Бұл дәстүрді Елбсы бастаған болатын. 2010 жылы  алғашқы Конгресс ұйымдастырылды, оны Президент ашқан болатын. Аталмыш ірі Конгрестің Қазақстанда өтуі   бекерден емес. Себебі, тау-кен-металлургиялық  кешен  әлемдік экономикада ерекше орын алып отыр», - деді А.Айдарбаев.

Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау  көрменің ашылу салтанатында Конгрестің  маңызды бағыты алдыңғы қатарлы технологияларды таныстыру болып табылады.

«Көрмесіз конгресті өткізудің мәні жоқ. Себебі, жыл сайын  жаңа компанияларды өздерінің үздік технологияларын паш ету мақсатымен шақырамыз. Бұл алаңда отандық компаниялар өз жетістіктерін  көрсетеді», - деді А.Рау.

 

Әлемдік сарапшылар 2018-2019 жылдары дағдарыстан шығуды, ТКМК саласында бағалардың көтерілуін болжауда.

 

Көптеген компаниялардың бағдарламалары шығынды азайтуға және қолдағы активтердің тиімділігін арттыруа бағытталған. «АММ-2017» Форумы геологиялық барлау, так-кен ісі және металлургия салаларына қатысты мәселелерге назар аудара отырып, тау-кен металлургия кешенін дамыту стратегиясын талқылауды ұсынады.

 

Құрылымында 4 негізгі сессия белгіленетін AMM 2017 Форумының бағдарламасында мынадай тақырыптар талқыланады: ТКМК саласында өндірісті арттыру және өнімдердің жаңа түрлерін дамыту, геологиялық барлау саласында озық инновациялардың тапшылығынан арылу жолдары, жер қойнауы туралы кодекс, геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту, энергетикалық ресурстар, ТКМК саласындағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өңдеу және байыту технологиялары, инновациялық технологиялар мен ТКМК саласындағы әлемдік тәжірибе, сондай-ақ метал және капитал нарықтарын тұрақтандыру.

Айта кетейік, 2018 жылы Астанада  АММ конгресі базасында  Дүниежүзілік Тау Конгресі  өтеді, оны өткізу эстафетасын 2016 жылдың қазанында Қазақстанға Бразилия тапсырған болатын.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Шыңғыс Қаппаров 

 

 




Яндекс.Метрика