Экономика

Кәсіпкерлерді тексеру түсіндірме жұмыстарына ауыстырылады

Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлерді тексеру санын қысқарту бойынша бірақатар шараларды ұсынады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 20:43

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлерді тексеру санын қысқарту жөніндегі бірқатар шараларды ұсынып отыр, назар құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту ұстанымына аударылатын болады, деді кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыпов.

Асланбек Жақыпов сарапшылық топтың барлық бақылау және қадағалау функцияларына толық талдау жүргізгенін хабарлады. Нәтижесінде жүйелі проблемалар, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар мен ЖАО арасында (тігінен) және бір деңгейдегі мемлекеттік органдар арасында (көлденеңнен) бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруда қосарланушылық, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан тексеруді ұйымдастыру және өткізудің белгілі бір заңнамалық тәртібі болмауы жағдайында іске асырылуы анықталды.

«Тәжірибе бақыланбалы органдардың мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін тек жүргізілген тексеру қорытындысында анықталған құқықбұзушылықтар санымен ғана байланыстыратынын көрсетеді, бұл ретте құқықбұзушылықты ескерту мен алдын алу жөніндегі мониторинг өткізілмейді. Осыған байланысты, біздің тарапымыздан мемлекеттік органдар қызметін құқықбұзушылықтың алдын алу мен ескерту ұстанымына бейімдеуге мүмкіндік беретін шаралар әзірленуде», - деді Жақыпов.

Ол бақылау мен қадағалау органдарының тексерулерді ішінара және жоспарлаусыз ерекше тәртіппен жүргізіп отырғанын атап айтты. 2016 жылғы қорытынды бойынша тексерулердің көп мөлшері жоспардан тыс тексерулерге (60%, яғни 60157 тексеру) және тексерудің ерекше тәртібіне (31%, яғни, 31139) жатады. Демек,  ішінара тексерулер саны (9%, яғни 7259 тексеру). Осыған байланысты ол тексерулер санын қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.  

«Тексерілетін субъектілерге қатысты ішінара тексерулерді жүргізу тәжірибесін алып тастау жөніндегі түбегейлі шара ұсынылып отыр. Яғни, ішінара тексерулерді алдын алу бақылаумен айырбастау қажет, оны қатерлерді бағалау жүйесі негізінде, құқықтық статистика органдарында міндетті тіркелу, сондай-ақ, субъектінің қатысуы арқылы іске асыру ұсынылуда», - деді Жақыпов.  

 «Жаңа бақылаудың осы түрінің нәтижесі қазіргі «анықтау мен жазалау» саясатының орнына құқықбұзушылықтың алдын алу және түзетуді түсіндіру жолымен «алдын алу және ескертуге» айналады. Бұл жұмысты іске асыру мемлекеттік бақылау жүйесін, әсіресе, мемлекеттің бизнеске қатысты менталитетін өзгертуге мүмкіндік береді», - деді Жақыпов.

Оның айтуынша, «мұндай тексерулердің жөнсіздігін болдырмау мақсатында, жоспардан тыс тексерулерді негіздеуді қайта қарау жоспарлануда». «Қабылданатын шаралардың нәтижесінде 35%-дан аса тексерулер саны қысқартылады деп болжануда», - деді Жақыпов.

 

 

 




Яндекс.Метрика