Атаулы әлеуметтік қолдау

2013 жылы ҚР-да орташа зейнетақы 42 мың теңгені құрады

2013 жылы ҚР-да орташа зейнетақы 41 583 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан24 Желтоксан , 10:32

«Биылғы жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша, зейнетақының орташа көрсеткіші 41 583 теңгеге жетіп, жалпы экономикадағы орташа айлық жалақының 41,2%-ын құрады», - делінген хабарламада.

ТМД елдерімен салыстырғанда қазақстандық зейнеткерлер 2013 жылы 275,37 доллар алады. Бұл көрсеткіш Қырғызстанның зейнетақысынан 3 есеге, Беларусьтан 1,3 есеге артық болса, Ресей зейнеткерлерінің зейнетақысынан бар болғаны 31,11 долларға төмен.

«Зейнетақы төлемдерінің жүйелі өсімі қарттардың өмір сүру деңгейін арттырып, ТМД елдері ішінде ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, 2009-2010 жылдары зейнетақы жылына 25%-ға артса, 2011 жылдан бастап 30%-ға, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында 9% көбейді.




Яндекс.Метрика