Басқару

Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірушілердің саны өсіп келеді

Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекет басшысының жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, онда Қазақстан азаматтығын алу және одан бас тарту мәселелері қаралды.
Нұр-Сұлтан 25 Мамыр, 18:03

«Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін таяу және алыс шет елдерден келген әр түрлі этностардың 640 өкілі жаңа қазақстандықтарға айналады. Мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамдардың саны өсіп келеді. Осы жылдар ішінде еліміздің халықаралық беделі айтарлықтай артты, бұл Елбасының басшылығымен қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, этносаралық келісім мен тұрақты дамуды көрсетеді", - деп ақпараттандырды Мемлекеттік хатшы.   

Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген әр түрлі этнос өкілдерінің өтініштері қаралатынын да айтып өтті.

«Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында біз жаңа қазақстандықтарды қуанышпен қарсы алып, оларға бақытты өмір, Отанының игілігі үшін жемісті жұмыс тілейміз. Елінің лайықты азаматтары бола отырып, оның одан әрі дамуына зор үлес қосатындарына сенімдімін», - деп атап өтті Г. Әбдіқалықова.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика