Парламент

Джурахон Маджидзода: Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мақсатында терроризммен белсенді күресуде

Тәжікстан Республикасы аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмыла күш жұмсауды қолдайды. Бұл туралы Тәжікстан Республикасы Маджлиси Намояндагон құқық тәртібі, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Джурахон Маджидзода «Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздікті заңнамалық қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлі» атты дөңгелек үстелде хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 18:24

2016-2020 жылдарға раналған Тәжікстан Республикасының  экстремизм мен терроризмге қарсы ұлттық стратегиясы  Тәжікстан Республикасының аталмыш саладағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын бағдарламалық құжат.

«Бүгінде трансұлттық және ұйымдастырылған қылмыс қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық  тұрақтылыққа қауіп төндіретін негізгі факторға айналды. Террористік ұйымдар қоғамда діни алауыздықты тарата отырып, мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылымын терроризм арқылы өзгерткісі келеді.   Тәжікстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында терроризммен күресуде. Тәжікстан геосаяси және геоэкономикалық жағдайына байланысты әліде халықаралық терроризмнің объектісі болып отыр. Осы тұрғыда көршілес Ауғанстан мемлекетіндегі ахуал үлкен қауіп төндіруде.  Сондықтанда, Тәжікстан Республикасы аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмыла күш жұмсауды белсенді қолдап келеді және халықаралық терроризммен күресетін көптеген мемлекеттердің коалициясына қатысуда», - деп атап өтті Джурахон Маджидзода.  

Осы ретте, Маджилистің комитет төрағасының пайымынша, заманауи халықаралық терроризммен күрес жолында заңнамалық деңгейде жаңа әдістер мен тәсілдерді қарастыру керек.  Халықаралық террористік қауіптермен күресте әлеуметтік экономикалық және мәдени ақпараттық шаралардың кең ауқымын пайдаланған жөн.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика