Қалаларға шоғырлану

Астанада жеделсаты компанияларының жұмысын бақылау бойынша инспекция құрылады

Қазіргі таңда заңдағы қайшылыққа байланысты қала билігі жеделсаты компанияларының жұмысына ықпал ете алмай отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 19:21

«Қолданыстағы заңдағы қайшылықтарға байланысты біз олардың жұмысын бақылай алмаймыз. Жеделсаты компанияларына ықпал етуге құзырлы емеспіз. Осыған орай Бас прокуратура мен Ұлттық экономика министрлігіне біздің ведомствоға бақылау қызметін беруін сұрап өтініш жолдадық. Бүгінде осы мәселені шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Астана қаласы Тұрғын үй инспекциясының басшысы Әлихан Қуатбеков.

Оның мәліметінше, таяуда Астана әкімдігінде жиын өткізіліп, онда тұрғын үй –техникалық инспекциясын құру мәселесі көтерілген.

«Біздің басқармамыздың қызметкерлері мемлекеттік инспектор мәртебесіне ие болуы керек. Бұл жеделсаты мекемелерінің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Егер бұл құзырға ие болсақ техникалық ақау туындаған жағдайда оны жойғанға дейін жеделсаты жұмысын тоқтата аламыз», - деді Ә.Қуатбеков.

Сонымен бірге ол Астанада барлық жеделсаты қондырғыларына мониторинг жүргізілетінін жеткізді.

«Жеделсатылардың техникалық жағдайы мен ПИК-дің процедуралық міндеттемелерін қалай орындап жатқанын әрі жеделсаты компанияларының жұмыс регламентін тексермек ниеттеміз. Аталған талдама елордадағы жеделсатылардың жалпы жағдайын анықтауға және компания мен ПИК-дің мәселені шешудегі жауапкерлігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кешенді үлкен жұмыс, жақын арада іске кірісеміз», - деді ол.

Бүгінде Астанада   6 577 жеделсаты мен жеделсаты қондырғысына қызмет көрсететін 69 компания бар. Оның 4 879-ы тұрғын үйлерде, 1 728-і әкімшілік ғимараттарда орналасқан. 

 




Яндекс.Метрика