Білім беру

Қазақстанда 131 265 оқушыға соңғы қоңырау соғылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстанда 131 265 оқушыға соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты шара республиканың барлық мектептерінде өтуде.
Казахстан25 Мамыр , 17:24

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаңырақ елді мекенінде орати мектептің салтанатты жиынында  болды. 

Оқу жылының аяқтаулымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата- аналарды құттықтаған  Бауыржан Байбек Алатау ауданында соңғы  бес жыл ішінде бес жаңа мектеп салынғанын, биыл  тағы да бір мектеп құрылысының басталғанын айтты.  

«Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін  барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.Ә.Назарбае ең басты капитал адам екендігін үнемі айтады, бюджеттің басым бөлігі білім беру саласына жұмсалады. Биыл Алматының барлық мектептерін линогофонды кабинеттермен қамтамсыз етуге қаржы аударылды. Физика, биология, химия кабинеттері қажетті заттармен 100 пайыз қамтамасыз етілді, қаланың барлық мектпетерінде кеңжолақты интернет қолжетімді болады. Мен түлектрдің емтихан сындарынан сүрінбей өтулеріне тілектеспін. Емтихан – балалар үшін де, олардың ата- аналары үшін де ауыр  сынақ, бірақ  мұғалімдер берген сапалы  білім мен өнегелі тәрбиенің арқасында жас түлектердің  биік межелерге жететініне сенімдімін», - деді Б.Байбек.

Алматы  әкімі оқу процессімен қатар оқушылардың жазғы демалыстарын  ұтымды ұйымдастыру қажеттігін де атап көрсетті. Жазғы каникул кездерінде балалар үшін клубтар, үйірмелер, балалар  лагерьлері жұмыс  істейтін болады.

Жалпы, алматылық мектеп оқушылары жыл сайын республикалық олимпиадалар мен  түрлі  ғылыми - жобалық конкурстарда жүделі орындарды иеленіп  келеді. Биылғы жылы Алматы мектептерінің  78054 түлегі үшін «соңғы қоңырау» соғылды.

2016 жылы 5500 орынға арналған 13 мектептің құрылысы басталып, олардың 8-і пайдалануға берілді. Бұл мақсатта 4,7 млрд. теңге игерілген.

2016-2017 оқу жылында Ақтөбе облысындағы 432 білім беру ұйымдарында  131 мың шәкірт оқу жылын аяқтап отыр, олардың 6582 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. 444 мектеп түлегі «Алтын белгі» аттестатынан үміткер.

Осы оқу жылын аяқтаған оқушылар арасында 12 жылдық жаңартылған білім мазмұны бойынша бес күндік оқу жүйесімен білім алған 15 502 бірінші класты бітірушілер де бар.

Оңтүстік Қазақстан   облысында  1028 мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. 2016-2017 оқу жылында облыстағы  мектептерде 611 318 білім алса, оның ішінде 33112 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасты.

Бітірушілердің ішінде 1370 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 863 бала жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға ниет білдірді. Ал, 9-сыныпты бітіруші  46153 оқушының 3444-і негізгі  білім туралы үздік куәлікке үміткер болып отыр.

Айта кетейік, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге 23760 бітіруші өтініш білдірді. Бұл түлектердің 71,8 пайызын құрайды. Сондай-ақ, бітірушілер 29 мамыр мен 9 маусым аралығында мектепте қорытынды аттесттаттаудан өткізілсе,  20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ тапсырады.

Қызылорда облысы   бойынша биыл 260 орта мектепте соңғы қоңырау рәсімі өтіп жатыр. 6200 оқушы мектеп бітіруші түлектер. ҰБТ-ға 4194 бітіруші түлек қатысады.

 Оның 419-ы «Алтын белгіге» және 217-і үздік аттестатқа үміткер. Аймақта ҰБТ кезінде 9 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Қазіргі таңда барлық пункт қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, тамақтану, жатын орын және тасымалдауға тиісті қаржы қарастырылған.

Биылғы жылғы тағы бір өзгешелік, мектептерде өтетін бітіру емтихандарының қорытындысымен оқу озаттарына «Алтын белгі» белгісін әрбір мектеп басшысы тағайындап тапсыратын болады.

Гүлтай Хасенова




Яндекс.Метрика