Үкімет

Астанада Стартап-хаб құру мәселесі Үкіметте қаралды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында Астанада Стартап-хаб құру мәселесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы25 Мамыр , 16:43

Кеңес барысында Астана Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аясында ЭКСПО-2017 нысандарының бірінің негізінде Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін құру бойынша Жол картасының мәселелері талқыланды.  

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік,  Стартап-хаб құру «Цифрлық Қазақстан» жобасына енгізілген.

 




Яндекс.Метрика