Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жұмыспен қамту саласын қаржыландыру бес есеге артады – Б.Байбек

Алматы әкімдігі ұйымдастырған «Сәтті қадам» атты алғашқы жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесіне 5 мыңнан астам бос орындарды ұсынған 100-ден астам жұмыс беруші қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы25 Мамыр , 17:03

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Алматы экономикасы үшін жастардың драйвер әрі ірі мегаполис  ретінде  мұнда жастарды жұмыспен қамтудың актуальді екендігін айтты.

«Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша  Алматыда 2017 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Біз «Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасын» жасадық. Құжатта  жастар  үшін жүзеге  асатын кешенді шаралар жинақталған. Жол картасы жастар арасында кеңінен талқыланды,  Қоғамдық кеңестің қолдауына ие болып, қала мәслихатында бекітілді. Жол картасының басты  мақсаты- мегаполис жағдайында қаладағы  әрбір жастың жеке тұлға ретінде қалыптасуына,  жан-  жақты дамуына барлық жағдайды жасау. Біз жастар ісіне бизнесті, оқу орындарын тарта отырып, жұмыспен қамтудың  тиімді жүйесін құратын боламыз. Соныдқтан, биыл жұмыспен қамту саласын қаржыландыруды бес есе арттырып, 5 млрд. теңге бөлдік», - деді Б.Байбек.

Жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасы негізгі бес бағыттан тұрады, олар- сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс және салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау, белсенді жастар  қаласы.

Жол картасын жүзеге асыру үшін 7,2 млрд. теңге бөлінеді.

Жәрмеңке барысында жастарға түйндемені жасауды, жұмыс берушіге ұнауды, жеке ерекшеліктерін  көрсете білуді үйреткен тренингтер  өтті. Осыған ұқсас пайдалы шаралар Орталық мешітте де ұйымдастырылған болатын. Таяу арада қала  базарларында жұмыспен қамтудың 54 жедел  пункттері ашылады.




Яндекс.Метрика