Білім беру

Қызылорда облысында 6 мектеп пен 2 балабақша ашылды

Қызылорда облысына қызметтік іс-сапары барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақша тәрбиешілермен кездесіп, осы нысандардың ашылуына қатысты.
Қызылорда 25 Мамыр, 16:21

Ведомствоның хабарлауынша, министр Қызылорда Мемлекеттік университетінің студенттер сарайында білім беру саласы жұмыскерлерімен кездесіп, білім беру секторының көкейкесті мәселелерін талқылады.

Е. Сағадиев Қызылорда облысының әкімі  Қырымбек Көшербаевпен Арал, Қазалы және Кармақшы аудандарында болып, 2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған шараларға қатысты. Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 6 мектеп және 2 балабақша пайдалануға берілді. Сондай-ақ Ерлан Сағадиев 200 орынды мектеп құрылысы барысымен және Қазалы ауданының мектеплицейімен танысып, осы оқу ордасының "соңғы қоңырау" салтанатына қатысты.





Яндекс.Метрика