Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Қазақстанға биылғы жылдың шілде айында келеді

Қазіргі таңда БҰҰ ҚК мүшелерінің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстанға және Ауғанстанға сапары 2017 жылдың шілдесінде болмақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздікті заңнамалық қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 12:56

Р.Василенко айтып өткендей,  Орталық Азияның барлық  елдері  Қазақстанның  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жалпыөңірлік  қауіпсіздігіне қызығушылық танытып отыр.

«Орталық Азияның сарапшылары  Қазақстан   Қауіпсіздік кеңесінде  биылғы жылдың қаңтар айында ұсынған  Орталық Азия мен Ауғанстандағы  қауіпсіздікті   қамтамасыз ету бойынша  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құжат әзірлеуде.Сондай-ақ, қазіргі таңда  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері  Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан мен ауғанстанға  2017 жылдың шілде  айында келуді  жоспарлап отыр», - деді вице-министр.

 Сондай-ақ,  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалық етудің маңызды элементтерінің бірі  Алматыда  БҰҰ өңірлік хабын құру болып табылады.

«Аталмыш хаб Орталық Азия мен  Ауғанстан алдында трған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Хабтың маңызды бөлігі  Ауғанстандағы даудың салдарынан кейін қалпына келтіру, гуманитарлық көмек  болып табылады. Осылайша, Алматыдағы өңірлік хаб  БҰҰ  орталығының жұмысын  Орталық Азия бойынша  Ашхабадта дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді», - деді Роман  Василенко.

Айта кетейік, Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздікті заңнамалық қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлі»  тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтуде.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика