Халықаралық интеграция

Астанада жыл сайынғы Ambassadors Café өтуде

«Еуропа күнін» өткізу аясында Астанада бірегей іс-шара Ambassadors Café өтіп жатыр.
Астана қаласы25 Мамыр , 12:24

Іс-шара жыл сайын өскелең ұрпаққа еуропалық құндылықтарды таныстыру және ЕО мен ЕО мүше мемлекеттердің ашықтығы мен қол жеткізімдігін көрсету мақсатымен ұйымдастырылады.

Ambassadors Café - бұл ерекше ақпараттық алаң, онда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері жастармен қарапайым жағдайда кездесу өткізеді.

Осы жылы Ambassadors Café қатысу мүмкіндігін қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен жас оқытушылар, бизнес, аналитикалық орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар салаларында жұмыс істейтін жетікті жастар арасынан 50-ден астам адам шақырылды. 

Іс-шараға ҚР ЕО Өкілдігі Басшысы, Елші Траян Христеа, Чех Республикасының Елшісі Элишка Жигова, Латвия Елшісі Юрис Погребнякс, Испания Елшісі Педро Хосе Санс, Венгрия Елшісі Андраш Барани, Нидерланды Корольдігінің Елшісі Дирк Ян Коп, Португалияның Уақытша сенімді өкілі Аделино Виера да Кунха да Сильва, Финляндия Елшісі Илкка Райсанен, Литва Елшісі  Витаутас Наудужас, Бельгия Елшісі Мишель Петерманс,  Австрия  Елшісі Герхард Саллер  және Италия Елшісі Стефано Раваньян қатысады.

Ambassadors Café  шеңберінде қатысушылар Қазақстандағы ЕО жобаларының практикалық қорытындылары, ЕО және Орталық Азия қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық серпіні, және ЕО мен Қазақстан арасындағы жасыл экономика, сауда, инвестиция, энергетика, заң ұлықтылығы, мемлекеттік басқару және білім салаларындағы бағдарламалар тақырыптарын талқылайды.

Салтанат Сұрағанова 




Яндекс.Метрика