Энергетика

ТМК тұрақты экономикалық өсім үшін аса маңызды – А.Мамин

Тау-металлургия кешені тұрақты экономикалық өсім үшін аса маңызды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 11:23

«Алғаш рет соңғы жылдары әлемнің тау-металлургия саласында оң өзгерістер байқалып отыр, бұл өзгерістерге базалық металлдар бағасының өсуі және нарықтағы тірлішіктің тжандануы мен жетекші өндіруші компаниялардың шығынынның азаюы септігін тигізді», - деді  А. Мамин.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жағдай мен болашақта баға  деңгейіне әсер ететін негізгі төрт факторлар тобын атап көрсетті.

«Біріншісі – бұл дамушы мемлекеттер тарапынан сұраныс. Болжам бойынша Қытай мен Үндістан тарапынан үлкен сұраныс болады деп күтілуде. Осы екі мемлекетке 2030 жылға қарай сұраныстың 50%-дан астамы тиесілі болады. Барлық кенорындары көбіне инфрақұрылымы нашар дамыған мемлекеттерде табылуда.  Шамамен жаңа кенорындарының 50% әлем бойынша тұрақты емес аймақтарда орналасқан. Үшіншісі – экологиялық факторлардың әсері. Кейбір су тапшы аймақтарды минералды шикізатты өндіру шығыны 16%-ға артуы мүмкін. Төртіншісі – технологиялық процестер. Металл өндірісінің барлық өндіріс кезеңінде қатыса алатын басты технологиялық тренд – төртінші өндірістік революция», - деп атап өтті А. Мамин.

Сонымен қатар ол атап өткендей, бүгіннің өзінде оң шешімдер бар, Индустрия 4.0 элементтерін өндірісте пайдалану өндірістің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді.  

«Біз 4.0 технологияларын пайдалану өзіндік құнын екі есе төмендетуге мүмкіндік берген мысалдарды білеміз. Осы ретте бәсекеге қабілеттілік  пен дайын өнім өндірісі бірнеше есе артады. Бұдан басқа, Индустрия 4.0 кедей және тиімсіз кенорындарын пайдалану үшін жаңа технологияларды жасақтауға септігін тигізетін болады және зиянды заттардың шығарылуын төмендетеді», - деп баса айтты ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Ол хабарлағандай, Қазақстан темір кенінің қоры бойынша әлемде жетінші орында және болат өндірісі бойынша 33 орында. Жалпы өндірістік өндіріс құрылымындағы ТМК үлесі 18%-дан асады. Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 3,7%, өндірістік өндіріс көлемі 107,1, сонымен қатар тау кен өндірісі саласында - 107,8, қайта өңдеу саласында - 106,8 құрады.    

«Бізге салалардың өсім деңгейін сақтап қалу керек және бәсекеге қабілеттілік бойынша артықшылықтарымызды тиімді пайдаланған жөн. Осы ретте, салалық министрліктер жаңа бастамалар мен жаңа дамыту жоспарларын жасақтауда», -  деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, ол ҚР-ның ЭЫДҰ болат бойынша комитетінің мүшелігіне енуге әрекет жасап жатқанын хабарлады.

«Қазақстанның темір кені шикізаты мен болат өнімін өндіретін ең ірі өндірушілердің бірі екенін ескеретін болсақ біздің өтінішіміз мақұлданады деген үміттеміз. Комитетке мүшелік ету ДСҰ талаптарын ескере отырып металлургия кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау субсидиялау проблемаларын шешуге атсалысуға және болат нарығында әділ бәсекеге қабілеттілікті дамытуға күш салуға жағдай жасайды», - деп түйді А. Мамин.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтуде.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика