Халықаралық интеграция

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі британдық павильон киіз үй үлгісінде жасалады

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Абдрахманов Ұлыбританияның сыртқы істер мен достастық істері министрлігінің тұрақты Сэр Саймон Макдональдпен кездесті.
Астана қаласы 25 Мамыр, 11:57

Кездесу барысында тараптар мәселелердің кең ауқымы бойынша екі жақты және көп жақты ынытмақтастықтың әлеуеті мен бүгінгі жағдайын қарастырды. Дипломаттар 2015 жылдың қарашасындағы Елбасы Н.Назарбаевтың Лондонға сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді бірлесіп жүзеге асыру нәтижелерін жоғары бағалады.

Келіссөздер барысында Астанада бір айдан аз уақытта ашылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық мәселесі қозғалды. Британдық тарап қатысатынын тағы да растады және бұл Лондон үшін әлемге өздерінің энергетика саласындағы соңғы технологиялық және инновациялық жетістіктерін паш етуге үлкен мүмкіндік беретіні аталып өтті.

«Британдық делегацяны осы жазда Астанада қарсы алуға қуаныштымыз және британдық компаниялар көрме жұмысына белсенді атсалысады деген үміттеміз», – деп ағынан жарылды Қ.Абдрахманов.

Белгілі болғандай, «ЭКСПО–2017-дегі» британдық павильон ең ірілердің бірі болады және киіз үй үлгісінде жасалады.

«Қазақстандық сыртқы саясаттың негізгі бағыттарының бірі шетелдік инвестиция тарту және отандық экспорттаушыларға қолдау көрсету. Осы ретте, дәстүрлі мұнай, газ, тау-кен өндірісі салаларынан ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, технология және инновация сынды салаларға екіжақты ынтымақтастық әртараптандыру керек», – деп баса айтты Қ. Абдрахманов.

Сонымен қатар, ол екіжақты сауда-экономикалық серіктестікті жоспарлау барысында Ұлыбританияның Еуропа одағынан шағытынын ескеру керек, деп атап өтті.

Бұдан басқа, кездесу барысында Сирия бойынша Астана процесінің рөлі жоғары бағаланды.  





Яндекс.Метрика