ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде «Атамекен» бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды

Аталмыш бағдарлама Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында берген тапсырмасы бойынша әзірленген «Туған жер» бағдарламасының, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрылымдық бөлімі болып табылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Мамыр , 14:32

Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылық қауымдастық өкілдерін сарапшылар мен кеңесшілер ретінде жобалық топтардың жұмысына, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобаларға қоғамдық мониторингке белсене қатысуға шақырды.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылық қауымдастық өкілдері үш негізгі жобадан: «Азаматтық бастамалар картасы», «Азаматтық бақылау», «Жомарт жүрек» тұратын  ішкі бағдарламаны іске асырудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдемелерін қарастырды.

«Азаматтық бастамалар картасы» негізгі жобасының басты міндеті өңірлердің көкейкесті қажеттіліктерін анықтау, азаматтық бастамаларды ынталандыру, сондай-ақ мемлекетті, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілерді өңірлік жобаларды жүзеге аыру мен қолдауға тарту болып табылады.

«Азаматтық бақылау» жобасының мақсаты – айрықша өткір әлеуметтік маңызы бар мәселелрді жедел шешу, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін азаматтардың бағалау механизмін құру.

«Жомарт жүрек» негізгі жобасын іске асыру тұрғындарды кіші отанды дамытуға қатысуына ынталандыруға бағытталған.  

Талқылау барысында кездесу қатысушылары жобаларды іске асыру бойынша нақты ұсыныстар беріп мен тұжырымдамалық тәсілдемелерге ескертулер айтты.

 




Яндекс.Метрика