Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстан Германияның құқық қорғау үрдістерін енгізу тәжірибесін игеруде

Қазақстандық құқық қорғау органдарының басшылары Германияға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әлемде25 Мамыр , 10:54

Сапардың негізі мақсаты шетелдік құқық қорғау мен сот органдарының  жұмысы аясында тәжірибе алмасу мен бөлісу,үйрену мақсатында  ұйымдастырылған.

Қазақстандық делегация басшысы Талғат Донақов неміс  әріптестерінің ыстық ықыластарына алғысын білдірді. «Германия прокуратурасының жұмыс істеуінің ерекшелігі, әсіресе  қылмыстық процесс қызықтырады. Біз Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жетілдірудің барысын жасау үстіндеміз» - деп атап Т. Донақов.

Жұмыс сапары шеңберінде делегация Майндағы Франкфурт қаласының прокуратурасы ғимаратында болды. Онда неміс әріптестеріміз  өздерінің қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндірістің ерекшелігі мен  ведомства жұмысының ұйымдастырылу тәртібімен бөлісті. Сонымен қатар, Учаскелік сот пен Қалалық полиция басқармаларының жұмысымен танысты.

 

 

 




Яндекс.Метрика