Энергетика

Астанада VIII Халықаралық тау-кен-металлургиялық конгресі өтуде

Астанада «Astana Mining & Metallurgy» ‒ AMM-2017 VIII Халықаралық тау-кен-металлургиялық конгресі мен көрмесі өтіп жатыр.
Астана қаласы25 Мамыр , 09:47

АММ форумына Қазақстан Үкіметінің жетекшілері, тау-кен өндіру елдерінің  салалық министрлері,  халықаралық сарапшылар мен өнеркәсіптік корпорация  жетекшілері  қатысуда.

Әлемдік сарапшылар 2018-2019 жылдары дағдарыстан шығуды, ТКМК саласында бағалардың көтерілуін болжауда.

Көптеген компаниялардың бағдарламалары шығынды азайтуға және қолдағы активтердің тиімділігін арттыруа бағытталған. «АММ-2017» Форумы геологиялық барлау, так-кен ісі және металлургия салаларына қатысты мәселелерге назар аудара отырып, тау-кен металлургия кешенін дамыту стратегиясын талқылауды ұсынады.

Құрылымында 4 негізгі сессия белгіленетін AMM 2017 Форумының бағдарламасында мынадай тақырыптар талқыланады: ТКМК саласында өндірісті арттыру және өнімдердің жаңа түрлерін дамыту, геологиялық барлау саласында озық инновациялардың тапшылығынан арылу жолдары, жер қойнауы туралы кодекс, геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту, энергетикалық ресурстар, ТКМК саласындағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өңдеу және байыту технологиялары, инновациялық технологиялар мен ТКМК саласындағы әлемдік тәжірибе, сондай-ақ метал және капитал нарықтарын тұрақтандыру.

Айта кетерлігі, 2018 жылы Астанада  АММ конгресі базасында  Дүниежүзілік Тау Конгресі  өтеді, оны өткізу эстафетасын 2016 жылдың қазанында Қазақстанға Бразилия тапсырған болатын.

 

 

 




Яндекс.Метрика