Адами капитал

ОҚО-да 245 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьге барады

Балалардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі 1858 түрлі бағыттағы лагерлер жұмыс жасайтын болады, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан25 Мамыр , 09:21

«Ал оларда  244 674 бала демалады деп жоспарлануда. Бұл жалпы оқушылардың 42 пайызын құрайды. Осының ішінде 32 мыңға жуық бүлдіршін лагерлерге тегін жіберіледі.Яғни, қала сыртындағы 22 сауықтыру лагерінде  28 829 бала демалса, 15 мың бала өзге аймақтар мен шет елдердегі лагерьлерге барады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мектеп жанында жұмыс жасайтын 1836 лагерге 200845 оқушы қамтылады.

Онда келген балалар түрлі үйірмелерге қатысып, тарихи орындарға саяхат жасайтын болады. Ал облыстағы 4 балалар үйіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 300 тәрбиеленуші жаз маусымында демалыспен толық қамтылып отыр.

Айта кетейік,Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне 4 мың бала қатысады.  

 




Яндекс.Метрика