Ұлттың денсаулығы

Алматыда дәрілік заттарға бағаның өсуі тоқтатылады

Алматыда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаның өсуі тоқтатылады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы25 Мамыр , 08:47

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтарымен, ҚР ДСМ Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаның өсуін ұстап тұру жөнінде меморандум жасады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлттық саясаты шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын реттеуді қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.

«Меморандум дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағалардың өсуін ұстап тұру, сондай-ақ дәріханалар желісіндегі бағаларды белгілеу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған. Меморандум жасаудың мақсаты халықтың әлеуметтік осал және аз қамтамасыз етілген топтарын дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуде қолдау көрсету болып табылады», - деп түсіндірді әкімдікте.

Осылайша, жүрек, қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын, асқазан және гипотензиялық препараттарға, көз және құлақ тамшыларына, сондай-ақ дәрумендерге бағаның өсуі тоқтатылады. Осы Меморандум ағымдағы жылдың соңына дейін жасалған.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьютерлер және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы бөлшек сауда өкілдері бағаларды белгілеп алып, анағұрлым жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 105 атауына бағаның өсуін ұстап тұру бойынша әлеуметтік жауапкершілік алды.

Әкімдікте хабарлағандай, Алматы қаласының дәріхана ұйымдары халыққа дәрілік препараттарды өткізу кезінде осы Меморандумның белгіленген бағалары мен тізіміне сүйенуі тиіс. 

 




Яндекс.Метрика