Мәдениетті жаңғырту

Қазақ халқы Президенттің бағдарламаларын қолдауы тиіс - сарапшы

Қазақ халқы өз Президентінің нұсқауларын сөзсіз қолдап, орындауы тиіс, деді Түркі халықтары дүниежүзілік конгресінің Президенті, академик, профессор, Жамбыл облысы Мерке ауылының тұрғыны Яхья Әлиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына қатысты пікірін білдіре отырып.
Жамбыл24 Мамыр , 19:07

«Н.Назарбаев сияқты адамдардың сөздері мен нұсқаулары пікір айтуды қажет етпейді, оларды сөзсіз орындау керек. Біздің халқымыз қиын жағдайларды басынан кешіріп жатқан уақытта  жалпыұлттық көшбасшы, ұлы тарихи тұлға Гейдар Әлиев билік басына келіп, өз ұлты мен елін сақтап қалды. Біз оның нұсқауларын сөзсіз орындай отыра, қиындықтарды жеңдік », - деді Яхья Әлиев.

Оның пікірінше, бауырлас Қазақ халқы да өз Президентінің нұсқауларын сөзсіз қолдап, орындауы тиіс.  

«Сол кезде халық Қазақстанның одан әрі дамуының барлық бағдарламаларын, соның ішінде Н.Назарбаевтың рухани жаңғыру бағдарламасын орындап шығады», - деп қосты ол.

Я. Әлиев қазақ халқы Әлемнің барлық елдері мен халықтары үшін толеренттылық пен діни шыдамдылық үлгісі болып табылатынын атап өтті. 

Қазақстан - Елбасы өзі басқарған 120-дан астам халықты біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы бар жалғыз ел. Елдің қазіргі жоғары дамуы кезінде рухани жаңғыру қажеттігі туындайтыны анық. Осындай жағдайда ғана  әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына қол жеткізіледі. 

«Әрине, ұлттың патриоттық серпілісі мен рухани жаңғыруы болмаса, мұндай міндетті атқару қиынға соғады, ҚР Президенті осыған ерекше назар аударған», - деп санайды сарапшы. 

2004 жылдан бастап ҚР Басшысының даналығының арқасында "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер жаңартылды. Ал 2013 жылы қабылданған «Халық тарих толқынында» бағдарламасын іске асыру аясында жетекші әлемдік мұрағаттардан Қазақстан тарихына қатысты тарихи құжаттар жиналып, зерттелді.

«Егер өзіміздің ұлттық мәдениетімізді сақтап қалмасақ, рухани жаңғыру жай ғана сөз болып қалмақ, оны озық елдер мен халықтардың тәжірибесінен байқауға болады. Қазір тарихи өзіндік сананы, өз тарихымызға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты дамыту, гуманитарлық білімге үлкен көңіл бөлу кезеңі басталды», - деді ол.

Сарапшы атап өткендей, туған өлкеге, оның тарихына, ортақ Отанымыз - Қазақстанға, оның тарихына, жерімізге, проблемаларымызға, тәуелсіздігімізді қорғауға, табиғатқа  деген сүйіспеншілікке саналы, патриоттық көзқарасты дамыту қажет. Дамыған ақпараттық технологиялар, экономикалық және идеологиялық бәсекелестік дәуірінде бір адам ғана емес, қазақстандық ұлт толықтай бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

«Маған тарих, философия, филология, психология мамандықтары бойынша студенттер даярланатын әлемнің 100 үздік оқулығын басып шығару, сондай-ақ 25 жыл ішінде Қазақстанның дамуына зор үлесін қосқан 100 адамды тағайындау идеясы ұнады», - деп түйіндеді Я. Әлиев.




Яндекс.Метрика