Халықаралық интеграция

ҚазККА базасында британдық Көлік және логистика корольдік институтының филиалы ашылады

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы жанынан британдық (Chartered Institute of Logistics and Transport- CILT) Көлік және логистика корольдік институты филиалын ашу мәселесі қаралды. Шараға етсе, КИЛТ бас хатшысы Кейт Ньютон қатысты, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.
Астана қаласы24 Мамыр , 20:46

Биылғы жылы ҚазККА КИЛТ бағдарламасы бойынша кәсіби білім беру тіркелімінен өткізілді. Нәтижесінде ҚазККА базасында ашылған CILT Kazakhstan филиалы - британдық институт негізіндегі халықаралық білім бағдарламасымен қамтылады.

Қабылдау биылғы 1-маусымнан жүргізіледі.

«Оқуды ҚазККА-ның КИЛТ лицензиясын жеңіп алған оқытушы-профессорлар құрамы жүргізеді. Сонымен қатар Ұлыбританиядан және басқа да әлемнің көлік-логистика саласындағы компанияларында тәжірибеден өткен оқытушылар дәріс береді», - делінген хабарламада.

ҚазККА CILT Kazakhstan филиалы жас мамандарға, инженерлерге,  орта және жоғары буынды басшылардың  халықаралық деңгейдегі диплом алуына мүмкіндік әпереді.

ҚазККА Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық серіктестік орнатуы оқу орнын бітірушілерге көлік саласындағы бәсекелестікке төтеп беруге бейімдесе, сонымен қатар  еліміздің кадр саласы әлеуетін дамытуға да қосылған үлес болып табылады.

Институт CILT International ұйымының Ұлттық кеңесіне кіреді және әлемнің 35 елінде өкілдіктері бар.




Яндекс.Метрика